
Бішкектің Первомай аудандық соты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-басшысы Қамшыбек Тәшиев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауларын өткізіп жатыр.
Kaktusmedia ақпаратына қарағанда, сот қызметкерлері іс құпия қаралғандықтан, сот залына апаратын дәлізге де ешкім кіргізілмейтінін айтқан.
Адвокат Икрамидин Айткуловтың мәліметінше, Тәшиевке билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Оның айтуынша, бұл сот отырыстары жабық форматта өтетінін, тергеу мен сот материалдарын жариялауға тыйым салынатынын білдіреді.
Бұл іс бойынша Тәшиевпен бірге тағы жеті адам айыпталушы ретінде қарастырылып жатыр.
Айып тағылғандардың ішінде Қамшыбек Тәшиевтен бөлек, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушев және Жогорку Кенештің экс-төрағасы Нұрланбек Тургунбекұлы да бар.