Жаңалықтар

Әлемдегі 2,8 миллиард адамның тұрмыс-тіршілігі нашар – БҰҰ

1 млрд адам лашықта өмір сүріп жатыр/ фото: Freepik

Әлемдегі 2,8 миллиард адамның тұрмыс-тіршілігі нашар. Олардың 1 миллиардтан астамы лашық пен жұпыны аудандарды паналаса, 300 млн адам үйсіз-күйсіз қалып отыр.

Бұл туралы Бакуде өткен БҰҰ Дүниежүзілік қалалық форумының 13-ші сессиясының (WUF13) ашылуында айтылды. БҰҰ-Хабитат бағдарламасының атқарушы директоры Ана Клаудия Россбах бұл жағдайды «Әлемдегі баспана тапшылығының дағдарысы» деп атады.

2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың шамамен 70%-ы қалаларда тұратын болады, соның салдарынан бұл мәселе бұрынғыдан да қатты ушығуы мүмкін.

Әсіресе балалардың жағдайы тым нашар, лашықтарда тұратын кәмелетке толмағандардың саны 350-500 миллион адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ сәуір айында әлемдік азық-түлік бағасы соңғы үш жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілгенін айтқан еді. Бұл өсімге негізінен Ирандағы соғыс салдарынан энергия ресурстарының қымбаттауы себеп болған