Жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын қайдан көруге болады

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын қайдан көруге болады
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатын қайдан көруге болады/ фото: kursiv.media

2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін футболдан Әлем чемпионатын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсететін болады.

Сонымен қатар ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы және «Birge.tv» платформасы арқылы онлайн көрсетіледі.

XXIII Әлем біріншілігі тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында ұйымдастырылады. Жаһандық додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Турнир аясында жалпы 104 матч өтеді.

2026 жылғы Әлем чемпионаты ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына тиесілі болғандықтан, чемпионат матчтарын өзге ақпараттық ресурстарда рұқсатсыз трансляциялауға және таратуға тыйым салынған. Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттарда, қоғамдық орындарда көрсетілімдер тек құқық иесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

Бұған дейін Бразилия, Хорватия елдері футболдан Әлем чемпионатына қатысатын құрамдарын жариялаған еді.