Жаңалықтар

Кения президенті Тоқаевтың арнайы шақыруымен Қазақстанға келді

Фото: Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда мәліметінше, ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қол қойған еді.