
Freedom Ticketon мәліметтері бойынша, 14–17 мамыр аралығындағы уикенд қорытындысы бойынша отандық кинопрокаттың көшбасшылары анықталды. Танымал франшизаның жалғасы «Хотя бы кинода 4» комедиясы қатарынан екі апта бойы бокс-офистің шыңында сенімді түрде келеді.
Өткен демалыс күндері қазақстандық көрермендер отандық туындылар мен әлемдік хиттерге басымдық берген.
Топ-3
- «Хотя бы кинода 4» – 117 156 490 теңге (2-ші апта). Продюсер Нұргүл Даубаеваның танымал комедиясы прокаттағы екінші аптасында да көш бастап тұр. Бір уикендтің өзінде 117 миллион теңгеден астам қаражат жинаған туынды көктемнің ең табысты отандық жобаларының біріне айналды.
- «Mangyshlaq express. Пойыздағы паника» – 93 062 480 теңге (1-ші апта). Прокатқа жаңадан шыққан тағы бір отандық туынды бірден екінші орынға жайғасты. Алғашқы аптасында-ақ 93 млн теңге жинаған комедиялық экшн алдағы уақытта көшбасшылыққа басты үміткерлердің бірі екенін дәлелдеді.
- «Прада киген Әзәзіл 2» – 86 814 160 теңге (3-ші апта). Голливудтық хиттің көптен күткен сиквелі үшінші аптасында да көрермен жоғалтпай, үздік үштікті түйіндеп тұр. Сандық көрсеткіші – 86,8 млн теңге.
Хотя бы кинода 4 фильмі алғашқы аптасында 412 млн жинаған еді. Енді екінші аптасында 117 млн, жалпы алғанда 529 млн астам табыс тапты. Бұған дейін, Kursiv LifeStyle «Хотя бы кинода 4» фильміне рецензия жазған еді.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы бір жылда кинотеатрға барушылар саны 16%-ға өсті.