
Әлемдік нарықта авиаотын бағасының өсуіне байланысты Қазақстандағы әуе билеттері қымбаттамайды. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан өз ұшақтарына қажетті авиаотынды өзі өндіреді.
«Қазақстан өз авиаотынын өзі өндіреді. Бұл үлкен бақ. Ішкі рейстер үшін біз жанармайды бекітілген бағамен береміз. Сондықтан билет бағасы қымбаттамайды. Қазақстандағы ішкі ұшу бағыттары үшін отандық жанармайды тұрақты бағамен ұсынып отырмыз», – деді ол.
Сәуір айында министр Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның авиаотынға деген жылдық сұранысы шамамен 1,2 миллион тоннаны құрайтынын, ал ел ішінде тек 750 мың тонна ғана өндірілетінін мәлімдеген.
Қалған отын Қытай, Ресей және Түркіменстаннан импортталады.
Министр Атырау, Шымкент және Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарында авиаотын шығару көлемін арттыруды көздеп отырғанын айтты.
Оның сөзінше, 2031 жылға қарай еліміз ішкі сұранысты өз өндірісі есебінен толық өтеп, импортқа тәуелділікті азайтуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қазақстандағы бір билетінің орташа құны 59 912 теңгені құрайды.