Жаңалықтар

ҚМДБ 2026 жылғы Құрбан айт намазының уақытын жариялады

Оразада тарауық намазы оқылды
фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қалалар мен облыстар бойынша 2026 жылғы Құрбан айт намазының оқылу уақытын ресми түрде жариялады. Биыл Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.

Ресми кестеге сәйкес, елдің басым бөлігінде айт намазы таңғы сағат 6:00-де, ал кейбір батыс және орталық өңірлерде 6:30-да оқылады

Өңірлер бойынша айт намазының кестесі:

Қала / ОблысНамаз уақыты
Астана қаласы6:00
Алматы қаласы6:00
Шымкент қаласы6:00
Абай облысы6:00
Ақмола облысы6:00
Ақтөбе облысы6:30
Алматы облысы6:00
Атырау облысы6:30
Батыс Қазақстан облысы6:30
Жамбыл облысы6:00
Жетісу облысы6:00
Қарағанды облысы6:30
Қостанай облысы6:00
Қызылорда облысы6:00
Маңғыстау облысы6:30
Павлодар облысы6:00
Солтүстік Қазақстан облысы6:00
Түркістан облысы6:00
Ұлытау облысы6:00
Шығыс Қазақстан облысы6:00

ҚМДБ намазға кешікпей, бекітілген уақыттан ертерек мешітке келуді және қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды. Айт намазы оқылғаннан кейін 3 күн ішінде құрбандық шалу рәсімдері өткізіледі.

Бұған дейін, ҚМДБ құрбан шалуға онлайн сайтты іске қосқан еді.