Жаңалықтар

Трамптың сапарынан кейін: Путин мен Си Цзиньпин Бейжіңде бас қосады

фото: Кремль

Ресей мен Қытай басшыларының алдағы саммитінде екіжақты экономикалық байланыстар, сауда-саттық мәселелері және жаһандық қауіпсіздік тақырыптары талқыланбақ. Кездесу қорытындысы бойынша маңызды құжаттар пакетіне қол қою жоспарланып отыр.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңадан сайланған басшысы Дональд Трамппен келіссөздерден кейін, Бейжіңге бет бұрып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен маңызды кездесу өткізбек. Бұл сапар Мәскеу мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастың Украинадағы соғыс салдарынан шұғыл нашарлауы аясында өткелі жатыр.

40-қа жуық келісім

Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, саммит қорытындысы бойынша екі ел арасында 40-қа жуық құжатқа қол қойылады. Оның ішінде ең маңызды 21 құжат тікелей екі мемлекет басшыларының қатысуымен бекітілмек.

Қазіргі уақытта Қытай – Ресейдің ең ірі сауда серіктесіне айналды.

Бүгінгі таңда:

Ресей импортының үштен бір бөлігінен астамы Қытайға тиесілі;
Ресей экспортының төрттен бір бөлігінен астамы Қытай нарығына бағытталған;
Екіжақты тауар айналымы 100 миллиард еуродан асып жығылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп та Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде кездесіп, Иран, Украина және Тайвань мәселелерін талқылаған еді.