
Ақмола облысы Атбасар ауданында көктемгі көші-қон кезінде екі мыңға жуық киіктің өлексесі табылды. Ақ жайық ақпаратына қарағанда, қазір киіктер төлдеп жатыр. Ұзақ жолдан әлсіреген жануарлар ауа райының күрт өзгеруін, жауын-шашын мен мамыр айындағы үсіктерді ауыр өткерген.
Жергілікті билік мәліметінше, Шұңқыркөл ауылдық округінде екі мыңға жуық киік өлексесі жойылған. Санитарлық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін жануарлардың өлекселері жиналып, терең шұңқырларға көміліп жатыр.
Мамандар киіктердің қырылуы жұқпалы аурулармен байланысты емес дейді. Олар қажетті сынамалар алып, аса қауіпті ауруларға талдау жүргізгенде теріс нәтиже көрсеткен.
Мұндай жағдайлар жаппай төлдеу кезінде Ақмола облысында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де ара-тұра болып тұрады.
Киіктер қыста да қырылғаны белгілі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мұны қалыпты құбылыс деп атаған. Комитет бұл жағдайларды ауа райының күрт өзгеруімен және азық қорының шектелуімен байланыстырған еді.