
Елорданың 19 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыптыларға сатқан. Қылмысты жасыру үшін ол делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында суррогат ана болу туралы жалған шарт жасасқан. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Соттың 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімімен қыз және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды.
Сотталушыларға пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ол кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.