Экономика

Қазақстандық CPC Blend мұнайы 128 долларға жетті

Мұнай / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сәуір айының соңы мен мамыр айының ортасына дейінгі аралықта Қазақстанның негізгі экспорттық мұнайы – CPC Blend бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетті. График мәліметтеріне сүйенсек, 30 сәуірде баға барреліне 137 долларға жақындап, күрт өсім жасаған. Одан кейінгі нарықтық түзетілуден соң, 8 мамырға қарай көрсеткіш 120 доллардан төмен түскенімен, кейінгі күндері қайта өсу трендіне көшті. 19 мамырдағы жағдай бойынша CPC Blend бағасы барреліне 128-129 доллар деңгейіне жетіп тұрақталды.

Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нарықтағы басты назар аударатын жайт – эталондық сұрыптармен арадағы баға айырмашылығы (спред). Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 110 долларды құрап отыр. Бұл CPC Blend мұнайының әлемдік эталоннан шамамен 18-19 долларға үстеме бағамен (премиямен) сатылып жатқанын білдіреді.

Әдеттегі нарықтық жағдайда жиі орын ала бермейтін мұндай үлкен спред Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайлар мен логистикалық тәуекелдер (әсіресе Ормұз бұғазы маңындағы тұрақсыздық) аясында сенімді энергия тасымалдау бағыттарына деген сұраныстың артқанын көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ Сенаты Трамптың Иранмен соғысқа қатысты өкілеттігін шектемек.