
20 мамырда Астана уақытымен түнгі сағат 01:40-та Өзбекстан аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Сейсмологтар жер сілкінісі қуатын 5,6 балл деп бағалады. Ең жақын орналасқан ірі елдімекен – Бұхара қаласы шамамен 95 км жерде жатыр.
Жерасты дүмпуі қазақ-өзбек шекарасынан шамамен 190 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 14 мамырға қараған түні Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінген. Сол кезде мамандар оның қуатын 4.9 балл деп есептеген.