
Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кіргені үшін 20 адам қамауға алынды. Тағы сегіз адам кінәлі деп танылды.
Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 20 азаматқа қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сот 2026 жылғы 28 сәуірде түнгі уақытта Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 20 азамат заңсыз кіргенін анықтаған.
Сотта барлық құқық бұзушылар кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді.
Әрқайсысының кінәсі түсініктемелерімен, полиция қызметкерлерінің және компанияның лауазымды тұлғалардың баяндауларымен дәлелденген.
Сот кінәні мойындауды, жасаған ісіне өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде таныған. Алайда 9 құқық бұзушы осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған. Мұны сот ауырлататын мән-жай екенін ескерген.
Сот қаулысымен барлық 28 азамат кінәлі деп танылып, әрқайсы 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды. Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Ішкі істер министрлігі «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарынан металл мен тауарлық материалдарды ұрлаумен айналысқан топты құрықтаған еді.