Жаңалықтар

Ақтау тұрғындары коммуналдық қызметке 2 млрд теңгеге жуық қарыз

Ақтау тұрғындары коммуналдық қызметке үшін 2 млрд теңге қарыз
Ақтау тұрғындары коммуналдық қызметке 2 млрд теңге қарыз/ фото: kursiv.media

Ақтау тұрғындары Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына (МАЭК) 1,9 млрд теңге қарыз. Ал бюджеттік ұйымдар 14 млн теңге, заңды тұлғалар (компаниялар мен бизнес өкілдері) 446 млн теңге берешек болып отыр. Бұл деректерді «Каспий жылу, су арнасы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлімдеді.

Сонымен қатар, ақтаулықтар «КЖСА» МКК-на тағы 305 млн теңгеге жуық, ал қазандықтарға 25 млн теңге қарыз. Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындары «КЖСА» түбіртектері бойынша 15 млн теңгеден астам ақша төлеуі тиіс.

Бюджеттік мекемелердің коммуналдық кәсіпорынға берешегі 65,8 млн теңге болса, заңды тұлғалардың қарызы 97,5 млн теңгені құрады.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК «МАЭК» тұтынатын ресурстары мен сумен жабдықтау, су бұру және жылумен қамту қызметтері үшін төлемді уақытылы (әр айдың 25-іне дейін) жасау қажеттігін ескертті. Төлем мерзімі өткен жағдайда қызметтерді шектеу және қарызды мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары қолданылып, өсімпұл есептеледі.

Айта кетейік, Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды.