
БҚО-да полиция қызметкерлері камералар арқылы мемлекеттік нөмірлерін әдейі жасырған үш жүк көлігін тіркеді.
Өйткені, олар мұны жол ережелерін бұзған кезде көзге түспес үшін жасаған.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері жүргізушілердің кім екенін анықтаған. Ұсталғандарға әкімшілік материалдар толтырылды.
Жалған мемлекеттік нөмірлерді тағу, нөмірдегі белгілерді анықтауға қиындық тудыратын құрылдарды пайдалану үшін бес тәулікке қамау, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция жүргізушілерді заңды қатаң сақтауға, қауіпсіздікке қатер төндіретін ереже бұзушылық жасамауға шақырып отыр.
Айта кететін жайт, көлікке жалған нөмір таққандарға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін.