
Иран құрамасындағы футболшылар Әлем чемпионатына қатысу үшін АҚШ пен Канадаға визу туралауға барды. Олар Құрама Штаттардың Анкарадағы елшілігіне өтініш өткізді. Бұл туралы Anadolu Agency хабарлады.
Түрік баспасөзінің мәліметінше, Антальяда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген Иран құрамасы бейсенбі күні алаңға шықпады. Өйткені футболшылар бүгін америкалық виза алуға барды.

Құрама сапындағы футболшылардың елшілікке барғанын БАҚ өкілдері де білді. Тілшілер америкалық елшіліктен көтеріңкі көңіл-күймен шыққан атлеттерден виза алған-алмағанын сұрады.
Иран құрамасы жаттығу жиын өткізу үшін Анталья түрік қаласына 19 мамырда барған. Осының алдында осы елдің футбол федерациясы Анкарада виза туралайтынын мәлімдеген.
Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.
Бұған дейін, Вашингтон мен Тегеран арасы күрт суып кетуіне байланысты, Иран құрамасы АҚШ-тағы біріншілікке бармайды деген мәлімет тараған. Оның орнын іріктеуден өте алмаған Италия құрамасы басатыны айтылған. Алайда, чемпионат басталатын уақыт жақындаған тұста, Иран футбол федерациясы біріншілікке қатысу үшін Құрама Штаттарға баратынын мәлімдеген. Артынша ФИФА да ақпаратты растаған.
Иран футболшылары бір топта Бельгия, Жаңа Зеландия және Мысыр құрамаларымен ойнайды.