
«Қазақтелеком» компаниясының Басқарма құрамына тағы бір топ-менеджер қосылды. Ғазиз Дөненбай жобаларды басқару жөніндегі директор атанды.
Басқармаға кірді
«Қазақтелеком» директорлар кеңесі Басқармаға тоғызыншы адамды қабылдау жөніндегі шешімді 6 мамырда қабылдаған. Корпоративті мәлімет Қаржылық есептілік депозитарийі сайтында енді ғана жарияланып отыр.
Қазір компанияның Басқарма құрамында мыналар бар:
- Бағдат Мусин;
- Арнұр Нұрқатов;
- Әсел Молдабекова;
- Асқар Қайыров;
- Нұрлан Мейірманов;
- Ержан Мейрамов;
- Елжас Қорабаев;
- Бахтияр Қожахметов;
- Ғазиз Дөненбай.
Басқармадағы соңғы екеуі 2026 жылы қосылған. Ғазиз Дөненбай «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Жобаларды басқару дирекциясының Бас директоры – Жобаларды басқару жөніндегі директоры қызметін атқарады.