
Блогер Сәуле Ермаханованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қайғылы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары дереу іске кірісті.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады, делінген хабаламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова (Базархан) пластикалық ота жасату кезінде жүрек ұстамасынан кенеттен көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді.