
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін келесі азаматтар наградталды:
«Отан» орденімен
Бурмистрова Татьяна Николаевна – «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, Алматы қаласы;
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК солисі, Астана қаласы;
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы;
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді
Қожа Бахтияр Абдуллаұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы
Макарова Нина Матвеевна – «А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры» КМҚК актрисасы
Сейітметов Азат Райымбекұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері, Алматы қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді
Бейсембаев Ерлан Ғабитұлы – «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Астана қаласы
Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК қазақ оркестрінің дирижері
Жармағамбетов Расул Қайратұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ жетекші солисі
Исмайылов Өмірәлі Дәуренбекұлы – «Астана қаласының суретшілер одағы» ҚБ төрағасы
Қалиев Серік Әкрамұлы – «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК қызметкері, Алматы қаласы
Овчинников Олег Николаевич – Қазақстанның Православ Шіркеуі Митрополиттік хорының регенті (бас дирижері)
Олексенко Игорь Владимирович – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ доценті, Алматы қаласы
Тоқымтаев Базарбек Сләмбекұлы – «Б.Римова атындағы Академиялық драма театры» МКҚК актері, Талдықорған қаласы;
«Парасат» орденімен
Әбілханова Салтанат Аябекқызы – «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы, Астана қаласы
Ким Римма Ивановна – «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актрисасы, Алматы қаласы
Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ доценті, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Кюршад Зорлу – Түркия Республикасының Әділдік және даму партиясы төрағасының орынбасары;
«Құрмет» орденімен
Бахаров Дилмурат Нурахметович – «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы
Дайыров Сәбит Сергебайұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ концертмейстері
Дияров Ермек Сатыбалдыұлы – «Дервиши» тобының қатысушысы, Алматы қаласы
Жүгінісов Құрманбек Далабекұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы
Қабыкенова Айнаш Жақсылыққызы – «Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы» МКҚК М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі-аспапшысы
Қалиева Ая Жәкенқызы – «Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМҚК директоры
Мәжит Асан Маратұлы – «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК актері, Алматы қаласы
Оразбеков Дастан Дәрібайұлы – әнші, Астана қаласы
Өтепберген Аян Өмірәлі – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері
Рахмет Сұраған – ақын, Астана қаласы
Салықов Медет Тілеубекұлы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Астана қаласы
Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы – «Астана Балет» театры» ЖШС жетекші солисі
Төлегенов Нұрлан Құрманәліұлы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Әшім Әлия Мейрамғазықызы – журналист, Астана қаласы
Көпберген Жасұлан Ерболұлы – театр және кино актері
Сағындықова Ләззат Құдайбергенқызы – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры
Сәдірбаев Нұржас Майрамбекұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК актері;
«Шапағат» медалімен
Безаубек Сәния Серікқызы – «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ басшысы
Крапп Мария Владимировна – суретші, Тараз қаласы
Лутошкина Марина Васильевна – «Семья Лутошкиных» бастамашыл тобының волонтері
Малышева Ольга Витальевна – театр шолушысы, Алматы қаласы
Сапорито Ренато – «Magister Art» президенті.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды су жаңа Қожа Ахмет Яссауи орденімен марапаттаған еді.