Жаңалықтар

Қазақстан банктерінің табысы 109 млрд теңгеге қысқарды

ЕДБ таза табысы / фото: Kursiv Media

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторында таза пайданың төмендеу динамикасы байқалып отыр. Егер 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында екінші деңгейлі банктер 904,5 млрд теңге пайда тапса, биыл көрсеткіш 795,8 млрд теңгеге дейін қысқарған. Табыстың бәсеңдеуіне негізінен екі іргелі макроэкономикалық фактор – минималды резервтік талаптардың (МРТ) артуы тікелей ықпал етіп отыр.

Банк секторының таза пайдасы (млрд теңге)

МРТ және өтімділіктің қысқаруы

Екінші маңызды себеп – Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты аясында минималды резервтік талаптарды (МРТ) арттыруы. Бұл шешім тікелей банктердің бос өтімділігін бұғаттайды. РЕПО операциялары мен несиелендіруге, сондай-ақ жоғары табысты инвестициялық құралдарға бағытталуы тиіс қаражат көлемі шектеліп, банктердің активтерінен түсетін кіріс төмендеді.

Manual Economy талдауынша, бұл нарықта күтілген тенденция:

«Жаңа салықтық реттеулер мен МРТ-ның артуы – банктердің кірістілігіне тікелей қысым жасайтын жүйелі қадамдар. Ұлттық банк осы арқылы жүйедегі артық өтімділікті тартып, инфляциялық қысымды төмендетуге тырысып жатыр. Ал жаңа фискалдық саясат банктердің аса жоғары табыстылығын тежеп, бюджетке түсетін түсімдерді арттыруды көздейді. Сондықтан, биылғы көрсеткіштердің төмендеуі табиғи құбылыс».

Айта кетейік, 2027 жылдан бастап несие алудың жаңа ережесі бектілмек.