
Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленушілердің бірінің адвокаты Олег Черно хабарлады.
Осылайша қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 мамыр 15:00-де өтеді.
Еске салайық, 21 наурыз түнгі сағат 03:30 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Zeekr маркалы машинасы Mercedes көлігіне соғылып, үш адам да сол жерде тіл тартпай кетті.