
Грузия астанасы Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ерлі-зайыпты қолға түсті. Олар синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ер адам 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.

Ал оның жұбайы синтетикалық есірткі өндірісінің қаржылық операцияларын жүргізуге қатысқан. Тергеушілердің мәліметінше, әйел Алматы және Қарағанды облыстарындағы заңсыз есірткі өндірісін қаржылай қолдап отырған.
Бүгінде күдіктілерді Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаменті интернет-дүкен арқылы есірткі саудалаған үш ағайындыны ұстаған еді.