Жаңалықтар

Онлайн-казинодан түскен 9,9 млн теңге заңсыз табыс мемлекетке өндірілді

Казинодан түскен заңсыз табыс мемлекетке өндірілді
Казинодан түскен заңсыз табыс мемлекетке өндірілді/ фото: Kursiv.Media

Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн-казино қызметін ұйымдастырған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша қаражатын аударып отырған.

Заңсыз қызмет нәтижесінде ол ірі көлемде заңсыз табыс тапқан.

«Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісі негізінде жазадан босатқан. Алайда сот заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесін шешпеген», – делінген хабарламада.

Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актісі өзгертілді. Сотталғаннан мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді.

Айта кетейік, бұған дейін казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап тардың күшейтілгенін жазған едік.