Жаңалықтар

Томас Тухелдің таңқаларлық шешімі: Англия Әлем чемпионатына құрамын жариялады

Харри Кейн, Томас Тухель, сборная Англии, чемпионат мира
Англия капитаны Харри Кейн / фото: Instagram/@england

Англия ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Алайда бас бапкер Томас Тухелдің таңдауы футбол сүйерқауым мен жанкүйерлер арасында үлкен түсініспеушілік пен таңданыс тудырып отыр.

Бас бапкердің шешімімен құрамға бірнеше басты жұлдыздар мүлдем енбей қалған. Олардың қатарында Трент Александр-Арнольд («Реал Мадрид»), Коул Палмер («Челси»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Харри Магуайр («Манчестер Юнайтед» капитаны) сынды ойыншылардың Әлем біріншілігінен тыс қалуы спорт сарапшылары мен жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды.

Англия құрамасының Әлем чемпионаты-2026-ға арналған құрамы

Қақпашылар: Дин Хендерсон («Кристал Пэлас»), Джордан Пикфорд («Эвертон»), Джеймс Траффорд («Манчестер Сити»)

Қорғаушылар: Дэн Бёрн («Ньюкасл Юнайтед»), Марк Гехи («Манчестер Сити»), Рис Джеймс («Челси»), Эзри Конса («Астон Вилла»), Валентино Ливраменто («Ньюкасл Юнайтед»), Нико О’Райли («Манчестер Сити»), Джарелл Куанса («Байер»), Джед Спенс («Тоттенхэм Хотспур»), Джон Стоунз («Манчестер Сити»)

Жартылай қорғаушылар: Эллиот Андерсон («Ноттингем Форест»), Джуд Беллингем («Реал Мадрид»), Эберечи Эзе («Арсенал»), Джордан Хендерсон («Брентфорд»), Кобби Майну («Манчестер Юнайтед»), Деклан Райс («Арсенал»), Морган Роджерс («Астон Вилла»)

Шабуылшылар: Энтони Гордон («Ньюкасл Юнайтед»), Харри Кейн («Бавария»), Нони Мадуэке («Арсенал»), Маркус Рашфорд («Барселона»), Букайо Сака («Арсенал»), Айван Тони («Аль-Ахли»), Олли Уоткинс («Астон Вилла»)

Жанкүйерлер ашулы

Томас Тухелдің Фоден, Палмер және Александр-Арнольд секілді креативті әрі қазіргі уақытта бабында жүрген ойыншыларды тыс қалдыруы үлкен талқылауға арқау болды. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер құрамды «соңғы жылдардағы ең түсініксіз таңдау» деп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлем чемпионатына Португалия, Бразилия, Хорватия құрамалары да ойыншылардың тізімін жариялаған еді.