
28 мамыр күні Астана аспанында Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қатысуымен жойғыш ұшақтары ұшып өтеді. Бұл шара әскерилердің жоспарлы іс-шаралары аясында ұйымдастырылып отыр.
Осыған байланысты 24 мамырдан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның дайындық жұмыстары мен оқу-жаттығу ұшулары басталады. Қорғаныс ведомствосы ұшулардың қауіпсіз биіктікте өтетінін және қаланың тыныс-тіршілігіне ешқандай кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.
Дегенмен жаттығулар мен негізгі көрсетілім кезінде қала ішінде ұшақтардың дауысы қатты шығуы мүмкін. Сондықтан билік өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарынан қысқа мерзімді шуға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Мамандардың айтуынша, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына сай өткізіледі және халық үшін ешқандай қауіп жоқ. Ал көрсетілім кезінде қолданылатын түрлі түсті түтіндер тек шоу мақсатында пайдаланылады, олардың қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны болмайды.
Бұған дейін жойғыш ұшақтар 15 мамырда да ұшып өткен еді.