
Із-түссіз жоғалған алматылық Ерзат Егінбай қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның жеңгесі Шаттық Жүргенова естіртті.
«Жалғызымнан айрылдық! Алла панасына алсын», – деп жазды ол Threads-ке.
Азалы хабарды Ерзаттың қарындасы да растады. Алайда марқұмның туыстары нақты не болғаны туралы ештеңе жазбады.
Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны Ерзат Егінбайды төрт күн бойы іздестірді. Ол 19 мамырда түсте жұмыстан сұранып шығып, қала шетіндегі ауылдарға қатынайтын автостардың біріне отырған. 23 мамырда жақындары мен достары Ерзатты Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында іздеген. Өйткені жас жігіт автобуспен осы ауылдан түсіп қалған.
Әзірге Ерзат Егінбайдың өз өлімімен немесе кісі қолынан қаза тапқаны белгісіз.