Жаңалықтар

Белгілі бір ілгерілеу бар: АҚШ Иранмен келіссөз жайлы мәлімдеме жасады

Фото: shutterstock

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Америка мен Иран арасындағы келіссөздерде «белгілі бір ілгерілеу барын» мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы бірнеше күнде бұл мәселеге қатысты жаңалықтар жариялануы мүмкін. Бұл туралы РБК баслымы хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек екенін айтты. Сонымен қатар ол бұғаз арқылы кемелердің еркін өтуі сақталуы керек екенін және Тегеран байытылған уран қорын өткізуге міндетті екенін айтты.

Рубионың сөзінше, уранды байыту мәселесі міндетті түрде реттелуі қажет. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұл түйткілді дипломатиялық жолмен шешуді қалайды.

«Қазір біз дәл осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, АҚШ Сенаты Трамптың Иранмен соғысқа қатысты өкілеттігін шектемек