Жаңалықтар

Синоптиктер жауын-шашынға байланысты дауылды ескерту жариялады

Фото: shutterstock

Синоптиктер 24 мамырда ел аумағында жауын-шашын мөлшері артып, дауылды ескерту болатынын жариялады.

Астанада күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталып отыр, ал шығыс, оңтүстік және орталық бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жексенбі күні жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Өңірдің батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталып отыр, ал солтүстік пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі жарияланған.

Қызылорда облысында 24 мамыр күні күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік пен солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде өңірдің таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыстың солтүстігі, батысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталған. Ал шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Атырау облысында да жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, ал солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде өңірдің шығысында 1 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталған.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында 24 мамыр күні жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталса, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысында күндіз аймақтың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Батыс Қазақстан облысында 24 мамыр күні жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталған.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 24 мамыр күні жаңбыр мен найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталса, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында 24 мамыр күні жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болса, өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр, ал шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.