Жаңалықтар

Рудныйда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Өрт төртінші қабаттағы пәтерден шықты, зардап шеккендер жоқ / Фото: shutterstock

Рудный қаласында тұрғын үйден шығып, 14 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.

«ТЖД күштері автосатының көмегімен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды», – делінген хабарламада.

Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салсақ, жуырда Ақтөбе қаласында Сәтбаев көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген еді.