Қоғам

Ақтөбеде пакет ішінен жаңа туған нәресте табылды

Нәресте пакет ішінде жатқан/фото: shutterstock

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, сәби 23 мамырда табылған.

Нәресте пакетке салынған күйі жатқан. Оны сол маңнан өтіп бара жатқандар байқап, полиция шақырған.

«Полиция қызметкерлері сәбиді медицина мекемесіне жеткізді. Сәби дәрігерлердің бақылауында. Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясы.

Бұған дейін Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды