
25 мамырға қараған түні Астана қаласы Сарайшық ауданы, Қошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимараты өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Мәліметке қарағанда, аурухана ғимаратының жертөлесіндегі электр қалқаны өртенген.
Өрт сөндірушілер хабарлама түскеннен кейін, 2 минут ішінде оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында аурухана қызметкерлері мен науқастар эвакуацияланды. Олар жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды.
Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің тұтану себебі анықталып жатыр.
Бір күн бұрын Рудныйда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланған.