
ҚР Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің тізімін жариялады. Биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша, ұлдар арасында Алан, ал қыздар арасында Айлин көш бастап тұр.
Ұлдар есімі: Тарихи және діни трендтер
Ұл балалар тізімінде Алан есімі абсолютті лидер атанды – бұл есім 927 сәбиге берілген. Одан кейінгі орындарда көптен бері танымалдылығын жоғалтпаған Алихан (768) мен Айсұлтан (760) орналасқан.
Ең танымал 10 есім
ҚР ҰСБ мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары
Сондай-ақ, алғашқы ондықта діни және тарихи мағынасы терең есімдердің үлесі басым екенін байқауға болады.Бір қызығы, пайғамбар есімінің екі түрлі транскрипциясы («Мұхаммед» және «Мухаммад») да ең танымал ондыққа кірген.
Қыздар есімі
Қыздар арасында Айлин есімі үлкен айырмашылықпен бірінші орынға жайғасты – 1691 кішкентай бүлдіршінге осы есім бұйырған. Екінші және үшінші орындарды Асылым (1391) мен Медина (1183) өзара бөлісті.
Бұл статистика қазақстандықтардың есім таңдауда заманауи трендтермен қатар, ұлттық және діни дәстүрлерге де үлкен мән беретінін көрсетеді. Толық көрсеткіштермен жоғарыдағы арнайы инфографикадан таныса аласыздар.
Еске сала кетейік, елімізде бала туу көрсеткіші 20 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті