
Қазақстандық танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өзінің келесі кездесуін Алматы төрінде өткізеді. Қазақстандық спортшы танымал ресейлік блогер және поп-ММА ардагері Артем Тарасовпен күш сынасады. Бұл турады Nomad Fighting хабарлады.
Қашан және қайда?
Жекпе-жек IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) және Nomad Fighting бірлескен ауқымды турнирі аясында өтеді.
Кездесу 4 шілде күні Алматы арена спорт кешенінде жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Билеттер Ticketon сайтында сатылымға шықты.
Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы кездесуін 29 наурыз күні Армения астанасы Ереванда өткізген еді. Ол кезде қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлына есе жіберген еді.