Жаңалықтар

Мұхтар Шахановтың қырық күндік асы қайда өтетіні белгілі болды

фото: instagram

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың рухына бағышталған қырық күндік асының уақыты мен орны белгілі болды. Ақынның асын Шымкент қаласының әкімідігі Алматыда ұйымдастырып отыр.

Марқұмның қырық күндік асы 30 мамыр күні Алматыдағы «Triumph Hall» мейрамханасында сағат 13:00 де өтеді.

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні дүниеден өткен еді. Ақынмен қоштасу рәсімі өтіп, кейін денесі Түркістанға жеткізіліп Отырар ауданында жерленген еді.

Көп ұзамай желіде Алматыда Мұхтар Шахановтың атына көше беру мәселесі көтерілген еді. Тіпті заңгер Мейірман Шекеев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған еді.