Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар әлемдік білім сайысында мыңнан аса медаль жеңіп алды

фото: gov.kz
фото: gov.kz

2025-2026 оқу жылында Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда мыңнан астам медаль жеңіп алды.

Оқу ағарту министрлігінің ақпаратына қарағанда, 80-нен астам республикалық зияткерлік жарысқа 1,6 млн-ға жуық оқушы қатысқан.

Халықаралық деңгейде ел намысын 5 052 оқушы қорғады. Олар 37 олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 026 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 190 алтын, 332 күміс және 504 қола медаль бар. Тағы 56 қатысушы арнайы марапаттарға ие болды.

«Математика бағытындағы жетістіктерді бөлек атап өткен жөн. Қазақстан құрамасы Вильнюсте өткен European Mathematical Olympiad жарысында абсолютті көшбасшы атанды. Салоники қаласында өткен Balkan Mathematical Olympiad жарысында команда мықты математикалық мектептері бар елдер арасында жалпыкомандалық есепте 6-орын алды», – делінген ақпаратты.

Қазақстандық оқушылар Финиксте өткен әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрме Regeneron ISEF-ке де қатысқан. Қатысушылардың бірі жасанды интеллектіні қолдану арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтау жобасы үшін арнайы марапат пен шетелдік университеттің білім грантын алды.

Хьюстонда өткен робототехника бойынша халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 50 мыңнан астам қатысушы арасында 12 наградаға ие болды. Күздің соңына дейін ел оқушылары тағы 10-нан астам халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кететін жайт, шымкенттік оқушылар АҚШ-та өткен робототехника жарысында 1-орын алған еді.