Lifestyle

Велосипед мінген Жүсіп Ақшора желі қолданушыларын тәнті етті

Коллаж: Kursiv.media

Әлеуметтік желіде танымал актер, әзілкеш Жүсіп Ақшораның велосипед теуіп жүрген видеосы мен суреттері тарап, қызу талқыға түсті.

Жүсіп Ақшора өзі өмірлік ұстанымын өте терең әрі қысқа қайырды.

«Менікі қарапайымдылық емес, өзің нені қалайсың, солай өмір сүр» деп жазды.

Әкемнің тәрбиесі солай болар…

Бұл ерекше сәтке қатысты оның ұлы Ахан Ақшораев та өзінің Instagram парақшасында жүрекжарды жазба қалдырып, әкесіне деген перзенттік алғысы мен мақтанышын жеткізді.

 «Адам болғым келеді қарапайым… Әкемнің тәрбиесі солай болар, кісілікпен қалай мен таласайын. Адамгершілігі мен қарапайымдылығы қатар жүретін, кісі алдындағы кішілігін көрсететін, үлкен алдындағы үлгісі, талай жастарға тәрбие беретін, бұл менің әкем, АЛТЫН АДАМ» деп жазды актердің ұлы.

Желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырып, аты аңызға айналған «Шаншар» театрының актерінің қарапайымдылығына таңғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жүсіп Ақшора Cover Show-да рэп оқып тамсандырған еді.