Lifestyle

«Жаңа күшпен оралдық»: блогер Жанабыловтар желіде видео жариялады

Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Блогерлер желіде видео жариялады/фото: Instagram

Екі жылға сотталған ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіге оралды. Олар Instagram желісінде видео жариялап, өздерін қолдағандарға алғыс айтты.

«Тоғыз ай үнсіз болдық. Төрт ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе болды. Соттар, уайым  отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін жаңа күш, жаңа оймен оралып отырмыз», – деп жазды Жанабылов.

Қылмыстық іс

Блогерлерге қатысты қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты

Судья Әділбек Баймаханов шығарған үкімге сәйкес, Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ Ерболат Жанабылов пробациялық бақылауда болады.

Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.