Lifestyle

«Жұлдыздар соғысы: Мандалорлық және Грогу» прокатта 102 млн доллар жинады

Мандалорлық және Грогу фильмі шықты
Кішкентай Йода мен мандалордық Дин Джарин туралы фильм шықты / фото: imdb.com

АҚШ пен Канадада Алғыс айту күніне орай төрт күн демалыста «Мандалорлық және Грогу» фильмі 102 млн доллар жинады. Фильм Қазақстанда 21 мамырдан бастап көрсетіліп жатыр.

«Жұлдыздар соғысы» жеті жыл үзілістен соң үлкен экранға қайта оралды. Бұл жолы Мандалор ғаламшарында туған азамат пен оның кішкентай досы Грогудың бастан кешкен шытырман оқиғасы баяндалды.

Фильм режиссері – Джон Фавро. Оны «Жұлдыздар соғысы» франшизасына Lucasfilm киностудиясы түсірді. Оны 2012 жылы Walt Disney Co. сатып алған.

Bloomberg мәліметінше, төрт күндегі 102 млн доллар франшизаның бұған дейінгі фильмдер жинаған қаражатқа жетпейді. Сыншылардың туындыға қатысты бағасы да аса жоғары емес: Rotten Tomatoes тұғырнамасында бар болғаны 63% болған. Дегенмен фильм көрермендердің 89%-ының көңілінен шыққан.

«Мандалорлық және Грогу» фильміндегі басты рөлді танымал актер Педро Паскаль (Дин Джарин) сомдады. Ол бұған дейін Дисней студиясының «Мандалоршы» сериалына да түскен. Сериал 2019 жылы жарыққа шыққан. Фильм мен сериалдың басты ұраны: «Біздің жол – осы» (This is the way).

Фильм Қазақстандағы кинотеатрларда 21 мамырдан бастап көрсетіліп жатыр. Оның кассада қанша жинағаны бір аптадан соң ғана мәлім болады.