
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда оқушылар саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелгенін хабарлады. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтап жатыр.
Мамандар мұны халық санының өсуімен байланыстырады.
« 2025/26 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 3,9 миллионнан асты. Бұл – соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оқушылар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы көш бастап тұр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталды. Жазғы демалыс 26 мамырда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Биылғы каникулдың ұзақтығы – 98 күн.