
28 мамыр күні Шымкентте Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында өтетін «Ордабасы» – «Қайрат» ойыны өтеді. Матчқа арналған билеттер санаулы уақыт ішінде толық сатылып кеткендіктен, көптеген жанкүйер стадион ішіне кіру мүмкіндігінен айырылып қалды.
Матч күні стадионға кіре алмай қалған барлық жанкүйер үшін Қажымұқан стадионының сыртқы аумағында арнайы үлкен LED-экран орнатылады. Кездесу осы экран арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, стадион сыртында да жанкүйерлік атмосфера орнамақ.
«Ордабасы» – «Қайрат» арасындағы ойын 28 мамыр күні сағат 20:00 де Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы стадионында өтеді.
Айта кетейік, бұл ойынға билеттер сатылымға шыққан күні жанкүйерлер кассаға сағат таңғы бестен бастап ағылды.