Жаңалықтар

Павлодар облысында жер сілкінді

фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

 «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі Павлодар облысында жер сілкінгенін тіркеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, жер сілкінісі 2026 жылғы 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:28-де болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылы маңында орналасқан.

Эпицентр координаттары – 50.47° солтүстік ендік және 76.47° шығыс бойлық. Жер сілкінісі 30 шақырым тереңдікте пайда болған.

Сейсмикалық оқиғаның энергетикалық класы – 10.7. MSK-64 шкаласы бойынша есептік сезілу қарқыны Баянауыл ауылында 2 балл болып сезілген.

Ал 24 мамырда Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.