Жаңалықтар

Қырғызстан бағаның өсуін тежеу үшін жанармайға субсидия енгізді

Жанармай санаттары / фото: gemini AI

Қырғызстан ішкі нарықта жанармай бағасының күрт өсіп кетпеуі үшін оны шетелден әкелетін және сататын компанияларға уақытша субсидия, яғни мемлекеттік қаржылай көмек бере бастады. Бұл туралы 25 мамырда күшіне енген үкімет қаулысында айтылған. Аталған шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Енді мемлекет кәсіпкерлерге жанармайды нақты сатып алған бағасы мен үкімет бекіткен баға арасындағы айырмашылықты өтеп беретін болады.

Бекітілген баға және субсидия мөлшері

Құжатқа сай, шетелден әкелінетін жанармайдың бекітілген бағасы Аи-92 бензинінің бір тоннасы үшін $860, Аи-95 бензині үшін $940, ал дизель отынының бір тоннасы үшін $950 көлемінде белгіленді. Кәсіпкерлерге берілетін субсидия мөлшері осы бекітілген баға мен жанармайды елге импорттаған кездегі нақты бағаның айырмашылығына қарап есептеледі.

Мемлекеттік реттеудің мақсаты

Биліктің мәлімдеуінше, бұл қадам ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықты жанармаймен үзіліссіз қамтуға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, үкімет әлемдік нарықтағы баға құбылмалылығы қарапайым тұтынушылардың қалтасына ұрмауы үшін жанармайдың бөлшек саудадағы (жанармай құю бекеттеріндегі) ең жоғары бағасына шектеу қойып, уақытша мемлекеттік реттеу енгізді.

Нарықтағы қазіргі жағдай мен баға

Қырғызстан жанармай импорты бойынша толығымен дерлік Ресейге тәуелді, сондықтан ішкі баға сыртқы нарықтағы жағдайға тікелей байланысты. Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленістер мен әлемдік бағаның күрт өзгеруі жанармайды жеткізудегі қауіптерді арттырып, импорттаушылар үшін бағаның қымбаттауына әкеліп соқты.

Кырыгыз улуттык статистика комитетінің мәліметінше, сәуір айының ортасындағы жанармай бағасы Аи-92 үшін литріне 77,96 сомды, Аи-95 үшін 83,31 сомды және дизель үшін 83,35 сомды құрады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен жанармай түріне қарай 1,5–2,1 сомға жоғары.

Еске сала кетейік, Kursiv Media АИ-95 бағасының өңірлер бойынға бағасын анықтады