Жаңалықтар

«Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны белгілі болды

Коллаж: kursiv.media (gov.kz)

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биыл қанша оқушы «Алтын белгіге» үміткер екенін айтты.

Министрдің айтуынша, жалпы 2025–2026 оқу жылында Қазақстан мектептерінде 3,9 млн оқушы білім алды. Оның ішінде 343 мың оқушы 9-сыныпты, ал 215 мың түлек 11-сыныпты аяқтайды. 13 175 оқушы «Алтын белгіге» үміткер атанды.

Сонымен қатар 11-сыныпта 18 555 оқушы, 9-сыныпта 31 181 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Ал колледждерде биыл 168 мың студент оқуын тәмамдайды.

Қорытынды аттестаттау мамырдың соңында басталады

9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы 29 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді. Емтихандардың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін тапсырмалар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жіберіледі.

Айта кетейік, министрлік бітіру кештерін мейрамханада өткізуге тыйым салды.