Жаңалықтар

Дауылды ескерту: 28 мамырға арналған ауа-райы

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Синоптиктер 28 мамырға дауылды ескерту жариялады. Кейбір өңірлерде өрт қаупі болса, кейбір өңірлерде жауын-шашын болады.

Болжам бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі.

Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қызылорда облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ақмола облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Павлодар, Өскемен, Қостанай және өзге қалаларда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде бұршақ пен шаңды дауыл болуы мүмкін.

Мұның алданда Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны хабарланды.