
Өзбекстан билігі Ташкенттегі мектепте оқушыны ұрған мұғалімге қатысты ресми ұстанымын жариялады.
Kun ақпаратына қарағанда, тергеу қорытындысы бойынша, мұғалім кінәсіз деп танылып, оқушының әрекеті педагогты осындай жағдайға жеткізгені айтылды. Мұғалімге қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оқиға Ташкент қаласындағы №275 мектепте болған. Интернетте тараған видеода информатика пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып жатқаны көрінген. Ресми мәлімет бойынша, жанжал сабаққа кедергі келтірген оқушыдан басталған.
Мектеп ұжымы бұл оқушылардың бұрыннан тәртібі нашар болғанын айтқан еді. Мұғалімдер олардың мінез көрсетіп, сабақтарға жиі кедергі келтіргенін мәлімдеді.
Өзбекстанның ішкі істер министрінің орынбасары Рустам Джураев бұл іске араласып, педагогтарға үндеу жасаған. Ол мұғалімдердің «президент пен билік қорғауында» екенін айтты.
ал Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 25 күнге қамалған еді.