Жаңалықтар

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Фото: Ақорда

Астана әуежайында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді ҚасымЖомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды.

Ресей Президентінің ұшағы еліміздің әуе шекарасына енген сәттен бастап, Астана әуежайына қонғанға дейін ерекше құрмет көрсетілді. Қонақтың бортын Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары қапталында ілесе ұшып, қауіпсіздік пен қошеметті қамтамасыз етті.

Салтанатты қарсы алу рәсімі

Ұшақ трапының алдында мәртебелі мейманды күтіп алу үшін Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Екі елдің мемлекеттік туларын ұстаған балалар мен Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылар тобы Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне ерекше ықыласпен қошемет көрсетті.

Фото: Ақорда

Салтанатты шараның соңында аспанда Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстінен ұшып өтті.