
Алматыда әл-Фарабидегі апатқа қатысты сот процесі басталды. Сотталушы Александр Пак бұған дейін қайтыс болған үш адамның отбасына көңіл айтуға мүмкіндігі болмағанын айтып, сот залында кешірім сұрады.
«…Жазамды өтеуге дайынмын. Бостандыққа шыққаннан кейін де сіздерге көмектесемін. Сіздерді ұмытпаймын. Өзімді кешірмеймін…», – деді Александр Пак.
Айта кетейік, апат салдыранын 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек оқиға орнында қайтыс болған.
Бұған дейін қорғау тарабы сотталушы Александр Пактың бет-жүзін көрсетуге шектеу қоюды, қылмыстық іске қатысты БАҚ-та ақпарат жариялауға тыйым салуды сұраған еді.