Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысы жанармай ішіп қойған

школьники пропускали занятия
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы абайсызда жанармай ішіп қойды. Ол мектеп жертөлесіне түсіп, белгісіз сұйықтық құйылған құтыны тауып алып, дәмін татқан деп жазады «Диапазон» басылымы.

Мұғалім баладан бензин иісі шығып тұрғанын байқап, сұрақтың астына алғанда, оқушы болған жағдайды айтып берген. Бала сабақтың соңына дейін мектепте болып, бірақ үйге келгенде құса бастаған. Анасы ұлын бірден ауруханаға апарады. Онда баланың асқазанын тазалап, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жолдаған. Оқушы қажетті ем қабылдап, қазір ауруханадан шықты.

Білім басқармасы Қобда ауданында 7 жастағы баланың байқаусызда бензин иісі бар сұйықтықты ішіп қойып, ауруханаға түскенін растады. Қазір оқушының жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыз: Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен барған