
Соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасындағы сауда қатынастары тұрақсыз және көлемі жағынан мардымсыз болып тұр. Мәселен, 2026 жылдың алғашқы үш айында екі ел арасындағы сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 30%-ға жуық қысқарды. Бұл көрсеткіш осыдан он жыл бұрынғы деңгейден әлдеқайда төмен. Егер 2015 жылы Иран Қазақстанның сыртқы саудасында маңызды орын алса, қазір оның үлесі бар болғаны 0,3%-ға дейін төмендеді.
Сауда неге азайып жатыр?
Бұған негізгі себеп – Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі. Аймақтағы тұрақсыздық пен логистикалық қиындықтар кәсіпкерлерді сақтық танытуға мәжбүрлеп, жаңа келісімшарттарға қол қоюды тежеп отыр. Нәтижесінде, тауар айналымы баяулап, Қазақстанның Иранға шығаратын экспорты да екі есеге жуық қысқарды.
Не сатамыз, не аламыз?
Қазақстан Иранға негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін (арпа, бидай, май, күріш) сатады. Экспорт құрылымы әлі де болса тек шикізатқа тәуелді. Ал Ираннан келетін импорт әртүрлі: біз олардан сусындар, бояулар, жуғыш заттар, цемент және мұнай өнімдерін сатып аламыз. Биылғы жылы Ираннан келетін тұтыну тауарларының, әсіресе сусындардың көлемі айтарлықтай артқан.
Айта кетейік, бүгін 28 мамыр күні АҚШ – Иран қақтығысына 3 ай толды. АҚШ Иранға тағы соққы жасаса, Тегеран америкалық базаны атқылады. Осылайша екі ел келісімге келе алмай отыр.