Экономика

Қазақстан Қытай мен Гонконг нарығынан 1,4 млрд доллар тартты

Қытай капиталы / фото: gemini AI

Қазақстан мен отандық квазимемлекеттік компаниялар Қытай мен Гонконг нарықтарынан барлығы 9,65 млрд юань (шамамен 1,4 млрд доллар) көлемінде қаржы тартты. Бұл қадам юань валютасындағы капитал тартудың жаңа және маңызды арнасын қалыптастырып отыр. Бұл туралы Finmentor хабарлады.

Орналастырылған облигациялар тізімі

  • ҚР Қаржы министрлігі: 3 жыл мерзімге, жылдық 1,9% мөлшерлемемен 3,4 млрд юань (500 млн доллар) көлеміндегі дебюттік панда-бондтар. Сауда алаңдары: Beijing Financial Assets Exchange және AIX.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ: 3 жыл мерзімге, жылдық 2,18% мөлшерлемемен 3 млрд юань (440 млн доллар) көлеміндегі панда-бондтар. Сауда алаңы: China Interbank Bond Market.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: 5 жыл мерзімге, жылдық 3,15% мөлшерлемемен 1,25 млрд юань (176,5 млн доллар) көлеміндегі «dim sum» облигациялары. Сауда алаңдары: HKEX және AIX.
  • Қазақстан Даму Банкі: 3 жыл мерзімге, жылдық 3,35% мөлшерлемемен 2 млрд юань (280 млн доллар) көлеміндегі «dim sum» облигациялары. Сауда алаңдары: HKEX және KASE.

Панда-бондтар – Қытайдың материктік аумағында (ішкі нарығында) шетелдік эмитенттер тарапынан шығарылатын және юаньмен белгіленетін облигациялар. Олар шетелдік компанияларға Қытайдың ішкі капиталына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ал «dim sum» облигациялары – Қытайдың материктік бөлігінен тыс жерде, яғни Гонконгтың офшорлық нарығында юаньмен шығарылатын борыштық құралдар.

Бұл терминдердің екеуі де Қазақстанның шетелдік валюталарға тәуелділігін азайтып, инвестициялық көздерді әртараптандыруға, сондай-ақ Қытайдың қаржы жүйесімен тығыз интеграциялануына мүмкіндік беретін маңызды қаржылық тетіктер болып табылады.

Айта кетейік, Қазақстандық эмитенттер екі айда 4 млрд доллар капитал тартты